465.74
531.08
5.92
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада БАҚ өкілдерініне арналған байқаудың жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

Астанада БАҚ өкілдерініне арналған байқаудың жеңімпаздары марапатталды

23.07.2026
мин
0
80

Елордада «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Тектілер ту көтереді» республикалық журналистер байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Марапаттау рәсіміне «Сенімен Болашақ» бірлестігінің құрылтайшысы, идея авторы Нұркен Асанов, филология ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева және зиялы қауым өкілдері мен БАҚ қызметкерлері қатысты.

Байқауға еліміздің әр өңірінен 50-ге жуық баспа, интернет-басылым, радио және телеарна журналистері қатысып, ұлттық тәрбие, қоғамдық сана, рухани мұра және ел алдындағы жауапкершілік тақырыптарындағы еңбектерін ұсынды.

Жиын барысында «Сенімен Болашақ» құрылтайшысы Нұркен Асанов қоғамдағы бірлік пен ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңызын атап өтіп, азаматтық қоғам өкілдерін ел мүддесі жолында бірлесіп еңбек етуге шақырды.

- Аумалы-төкпелі заманда өмір кешудеміз. Дүниенің 90-нан астам елінде қақтығыстар мен қан төгістер болып жатыр. Осындай бейбіт заманды бағалап, адами құндылықтарды ту етіп, ұлттық құндылықтарымызды тұғырына отырғызуға, ел мүддесіне жаны ашитын азаматтық қоғам қалыптастыруға жұмыла еңбек етуіміз қажет. Елдік мүдде, ұлт болашағы, ұрпақ келешегі жолында «Тектілер ту көтереді» қағидасын ұстана отырып, ағартушылықпен айналысып, ой оятып, қазақтың өзін тауып, өзегіне оралуына бірге атсалысуымыз керек, – деді Нұркен Асанов.

Сонымен қатар марапаттау кешінде «Тектілер ту көтереді» атауының мәніне тоқталған «Сенімен Болашақ» бірлестігінің төрағасы Гүлшат Серикбекова тектілік ұғымы тек шыққан тегіңмен өлшенбейтінін атап өтті. Оның айтуынша, тектілік – адал еңбек, елге қызмет ету, азаматтық ұстаным мен жауапкершіліктен көрінетін қасиет.


Сонымен республика көлемінде өткізілген байқауда қазылар алқасының шешімімен негізгі төрт номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. «Баспа басылымындағы үздік мақала» номинациясы Екібастұз қалалық «Отарқа» газетінің бас редакторы Жанаргүл Қадыроваға, «Интернет-басылымдағы үздік жарияланым» номинациясы Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Мақпал Жұмашоваға, «Республикалық баспа басылымындағы үздік мақала» номинациясы «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің тілшісі Сәндібек Преновке, ал «Үздік радио немесе YouTube бағдарламасы» номинациясы QAZAQ RADIOLARY ЖШС-нің «Шалқар» ұлттық радиоарнасының радиожурналисі Гүлнұр Омарханқызына табысталды.

Сондай-ақ арнайы жүлделер Qamshy.kz ақпарат агенттігі, Павлодар облыстық «Ertis» телеарнасы, Қызылорда облыстық «Qyzylorda» телеарнасы, «Мұнара» газеті, KAZ365.kz интернет-порталы, «Jambyl-Taraz» және «Ortalyq Qazaqstan» газеттері, Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі, Dauletten.kz ақпараттық сайты, Президент телерадиокешенінің JIBEK JOLY радиосы және Павлодар облыстық Halyq радиосының өкілдеріне берілді.

Шара барысында қатысушылар журналистиканың ұлттық сана мен қоғамдық жауапкершілікті қалыптастырудағы рөліне тоқталып, қоғамдағы оң өзгерістерді насихаттайтын шығармашылық жобаларды қолдау жалғасатынын атап өтті.


Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл