Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордада VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің аясында Бейбітшілік және келісім саябағының ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Шараға съезд делегаттарымен қатар Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы, Съезд Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев қатысты.
Саябақтың негізі 2022 жылы VII съезд кезінде Рим Папасы Франциск пен Әл-Азһардың Жоғарғы имамы шейх Ахмед ат-Тайебтің қатысуымен қаланған болатын. Бүгінде ол түрлі конфессия өкілдерінің достығы мен өзара құрметінің символына айналды.
- Есіл жағалауында бой көтерген бұл саябақ бірлік пен бейбітшіліктің нышаны. Тал – өміршеңдіктің, өркендеудің белгісі болса, мұнда орнатылған "Өмір ағашы" монументі этнос пен сенімге қарамай, баршаны кемел келешекке ортақ ұмтылысқа үндейді, – деді Мәулен Әшімбаев.
Монументтің ортасына күмбез үлгісінде емен ағашы отырғызылып, субұрқақ орнатылған. Күмбездің қабырғаларында дүниенің жаратылысы, Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар мен ежелгі петроглифтер бейнеленген. Авторлардың айтуынша, су мен тамыры тереңге кеткен ағаш – Жердегі өмірдің мәңгілігін паш етеді.
Саябақтың ашылу рәсімі аясында "Бала бояуындағы әлем" атты көрме ұйымдастырылды. Онда республикалық жас суретшілер байқауында үздік атанған 20 картина көпшілік назарына ұсынылды. Экспозиция жас буынның шығармашылығын танытып қана қоймай, бейбітшілік пен келісімге деген сенімді арттыруды көздейді.
Жаңа саябақ Астананың орталығында діндер мен мәдениеттер арасындағы рухани көпірге айналуы тиіс.