Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада өрттен 3 адамды құтқарған өрт сөндіруші жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазды елорда әкімдігі.
Кеше Астанадағы Б.Момышұлы даңғылындағы 15 қабатты үйде алапат өрт болған.
«Қызметкерлер өз өмірін қатерге тігіп, бес адамды аман алып шығарды. Құтқарушының бірі – Асқар Забикулин. Ол зардап шеккендерге көмектескенімен, денесін қатты күйік шалды. Қазір өте ауыр жағдайда жатыр» делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.
Өрт көпқабатты үйдің 11-қабатында тұтанған. Асқар Забикулин пәтерге терезе арқылы кіру үшін құтқару арқанымен 12-қабаттан 11-қабатқа түскен. Ішке ену үшін қоршауды алып тастауына тура келді. Үстіндегі камуфляж киімімен жанып жатқан пәтерге кіріп, 80 жастағы әжей мен 22 жастағы немересін оттан шығарған. Сондай-ақ ол өрт кезінде балконға жасырынып қалған 10 жасар баланы құтқарып қалады.
«Асқар Забикулин асқан жанкештілікпен алапат өрттен бірнеше адамды құтқарып қалды. Бірақ өзі ауыр жарақат алып, өте қиын жағдайда жатыр. Өрт сөндірушіге беттің, арқаның, іштің, аяқтың жоғарғы және төменгі жағының 2-3-дәрежелі күйіктері, күйік шогы деген диагноз қойылды. Денесінің 80 пайызын күйік шалған. Қазір ол өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - дейді әкімдік.
Кеше елордада көпқабатты үйде өрт болып, 3 адам, оның ішінде 1 бала ауруханаға түскен.