Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада
Жаңалықтар

Астанада "Elberen" тұрмыстық қағаз және химия өнімдерін шығаратын зауыт ашылды

18.10.2024
мин
0
477

Елордада тұрмыстық қағаз және химия өнімдерін өндіретін "Elberen" зауыты салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев, қала әкімі Жеңіс Қасымбек, БАҚ өкілдері, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар қатысты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

"Elberen" ЖШС – шаруашылықта, тұрмыста және санитария-гигиена қажеттіліктеріне арналған химия және қағаз өнімдерін шығаратын жетекші компания. Бұл жаңа өндіріс орны Қазақстанның химия және қағаз өнімдері нарығында маңызды орынға ие болады деп күтілуде, әрі елдің экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосады.

Салтанатты іс-шарада қала әкімі зауыт жұмысымен кеңінен танысып, жұмысшыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ депутат Дәулет Мұқаев сөз сөйлеп, азаматтарды отандық өнімді қолдауға шақырды.

- Міне, бүгін отандық зауыт ресми түрде ашылды. Бұл зауыт аз уақыттың ішінде дамып келеді. Бәсекеге қабілетті заманда өзіміздің отандық өнімдеріміз басым болу керек, - деп атап өтті Д.Мұқаев.

Зауыттың негізгі мақсаты – экологиялық таза және сапалы өнімдер шығарып, ішкі нарықты қажетті тұрмыстық тауарлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыру. "Elberen" зауытының өнімдері күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылатын қағаз өнімдері (қол сүрткіштер, дәретхана қағазы) және тұрмыстық химия тауарларынан тұрады.

Өндірістің ерекшелігі:

    •         Экологиялық стандарттарға сай келетін заманауи технологиялар;

    •         Халықаралық талаптарға сәйкес сапа сертификаттары;

    •         Жоғары сапалы шикізат пен автоматтандырылған өндіріс желілері;

    •         Қайта өңделетін материалдарды қолдану арқылы экологиялық таза өнімдер шығару.

- Біз тұрмыстық қағаз және химия өнімдерін шығаратын отандық зауытпыз. Бүгін салтанатты түрде ашылып отырмыз. Жалпы, зауытта 20 жұмысшы еңбек етеді, оның бесеуі сырттай жұмыс істейді. Біз күніне 6 тонналық дайын тауарды шығарамыз. Алдағы уақытта өнім түрлерін кеңейту, экспорт көлемін ұлғайту және тұрақты даму мақсаттарына жету жолындағы жоспарлар іске асырылады. Соған сәйкес бос жұмыс орындарын ұсынуды көздеп отырмыз. Жалпы, қазіргі таңда бізде 9 түрлі қағаз өнімі бар. Оларды 7 аппарат арқылы шығарамыз», - деді зауыт директоры Нұртүрік Ерболат.

 "Elberen" зауытының ашылуы – Қазақстанның өнеркәсіп саласын дамытуға, импорттық тауарларға тәуелділікті азайтуға және өз өнімін әлемдік нарыққа шығаруға бағытталған маңызды қадам.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл