Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
11 маусымнан 5 қарашаға дейін елордада әр демалыс күні ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Оған 40-тан астам жергілікті кәсіпкер мен өңірлерден өндірушілер қатысады.
Елорда әкімдігінің мәліметіне сәйкес, жәрмеңкеде көкөністер, ет және сүт өнімдері, балық, бал және басқа да азық-түлік ұсынылады. Баға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша базардағыдан арзан болмақ.
Жәрмеңкеге Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тартылады.
Өтетін орны: «Астана-Арена» стадионының жанындағы автотұрақ алаңы. Әр демалыс күндері сағат 9:00-18:00 аралығында ұйымдастырылады.