| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада LRT жүйесіне арналған жеңілдік карталарын енді интернет арқылы да рәсімдеуге болады. Бұл карта мектеп оқушылары мен әлеуметтік санаттағы азаматтарға арналған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Елордадағы LRT жобасына қатысты жаңа қызмет іске қосылды. Енді жеңілдік картасын екі тәсілмен алуға болады: арнайы бекеттер арқылы немесе онлайн форматта.
Онлайн өтінім беру transcard.kz/kk-lrt-card/ сайты арқылы жүзеге асырылады. Қызметтің арқасында тұрғындар уақыт үнемдеп, картаны алдын ала рәсімдей алады.
Карта бағасы — 1200 теңге. Жеңілдік қарастырылған негізгі санаттардың бірі — мектеп оқушылары.
Оқушыға арналған картаны алу үшін келесі құжаттар қажет:
– оқу орнынан анықтама
– ЖСН көрсетілген туу туралы куәлік
– 3×4 көлеміндегі фотосурет (ақ фонда)
Құжаттарды eGov Mobile қосымшасы арқылы да жүктеуге болады. Қосымшада «Цифрлық құжаттар» бөлімі арқылы қажетті мәліметтер таңдалып, әр оқушы бойынша бөлек рәсімделеді.
Төлем жасау кезінде картада қаражат жеткілікті болуы тиіс.
Айта кетейік, LRT жобасы қаладағы қоғамдық көлік жүктемесін азайтуға бағытталған. Жаңа жүйені пайдалану барысында тәртіп пен тазалықты сақтау қажеттігі де жиі айтылып жүр.