Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған
Мәдениет

Астанада Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған "Жырлайды жүрек" әдеби кеш өтті

09.02.2026
мин
0
70

Астанада Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған "Жырлайды жүрек" әдеби-мәдени кеш өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Астанадағы Мұхтар Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған "Жырлайды жүрек" атты әдеби-мәдени кеш ұйымдастырылды. Алматы ауданы әкімдігі мен кітапхана қызметкерлері бірлесе ұйымдастырған поэзия кеші қызығушылық танытқан жастар мен ұстаздарды бір арнаға тоғыстырды.

Кешке "Шабыт" университетінің, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері, сондай-ақ Педагогикалық колледж бен М.Жұмабаев атындағы Халықаралық колледждің білім алушылары қатысты.

Бағдарлама барысында ақынның жүрекке жетер өлеңдері оқылып, Мұқағали Мақатаев шығармаларына жазылған әндер орындалды. Өлең мен әннің үйлесімі көрермендерге ерекше әсер қалдырып, рухани байлық пен ұлттық құндылықтардың маңызын тағы бір мәрте айқындады.

Алматы ауданы әкім аппаратының ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдынұлы Айбын белсенді қатысқан жастар мен студенттерді алғыс хатпен марапаттады.

Кітапхана қызметкерлері барлық қатысушыға шараға белсенді қатысып, рухани кештің көркін арттырғандары үшін алғыс білдірді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл