Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Парыз» сыйлығының гран-приі мен «Алтын сапа» сыйлығының жүлдегерлерін марапаттады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасында «Парыз» сыйлығының гран-приі Қызылорда облысындағы «Абай Даулет» ЖШС-на берілді. Ал ірі бизнес саласында бұл жүлде Абай облысының Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнына табысталды.
Сонымен қатар, «Алтын сапа» сыйылығының «Үздік индустриялық жоба» номинациясы бойынша Қостанай облысының «ДЕП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Үздік инновациялық жоба» аталымында Маңғыстау облысындағы «CleanfieldKazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды.
Мемлекет басшысы елді индустрияландыру ісін одан әрі жалғастыруымыз керек деп санайды. Бұл бағытта нақты шаралар қолға алынып жатыр. Екі жыл бұрын «Өнеркәсіп саясаты» туралы арнаулы заң қабылданды. Өңдеу кәсіпорындарын арзан шикізатпен қамтамасыз ету өте маңызды. Келесі жылдан бастап ірі шикізат өндірушілер ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етуге міндетті болады. Олар Қазақстандағы өңдеу мекемелерінің қажеттілігін толық өтесе ғана, шикізатты экспорттай алады.
"Ауылды дамыту – түптеп келгенде, бүкіл Қазақстанды дамыту деген сөз. Сондықтан биыл біз «Ауыл аманаты» жобасын бастадық. Ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін 100 миллиард теңге бөлінеді. Соның арқасында 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Келесі жылдан бастап бизнесті дамытуға арналған бірыңғай кешенді бағдарлама қолға алынады. Болашағы бар шағын және орта бизнеске басымдық беріледі. Яғни, мемлекет өндірістік қабілеті жоғары және экспортқа өнім шығаратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді", – деді Президент.
Мемлекет басшысы Үкімет пен бизнес-қоғамдастық бірлесіп, кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін артық талаптарды анықтау үшін ауқымды жұмыстар жүргізгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, 10 мыңнан астам заң нормасы жаңа реттеуші саясаттың негізгі талаптарына сай келмейтіні анықталды. Бүгінде оның 90 пайызы күшін жойды. Қалғаны жыл соңына дейін ретке келтіріледі. Сын-қатерлерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі бақылаушы органдардың бизнеске қысымын шектеудің маңызды құралына айналады. Ол 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады және адамның қатысуынсыз тексеруді белгілеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, бизнеске жоспарлы инспекция жасау екі есе қысқарады. Ал айыппұлдар саны бірнеше есе азаяды.
Салтанатты шара алдында Мемлекет басшысы «Бір ауыл – бір өнім» жобасымен, сондай-ақ «Global Safety», «CleanField Kazakhstan», «Borusan Cat» және «Med 365» секілді отандық компаниялардың өнімдері қойылған көрмемен танысты.