| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда сиыр етінің бағасы алдағы уақытта күрт өседі деген негіз жоқ. Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарық отандық өніммен қамтамасыз етіліп отырғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда сиыр етінің бағасына қатысты болжам айтылды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепованың сөзінше, қазіргі өндіріс көлемі мен мал басының өсуі ет бағасының күрт қымбаттауына негіз болып отырған жоқ.
Вице-министрдің айтуынша, республика бойынша сиыр етінің орташа бағасы қазір шамамен 3 800 теңге.
Астанада баға бұдан жоғары болуы мүмкін. Мысалы, қаладағы кейбір сауда орындарында еттің келісі 3 800 теңгеден басталса, жекелеген базарларда 4 мың теңгеден асады.
«Шапағат» базарында сиыр етінің бір келісі шамамен 3 900 теңге, ал «Артем» базарында 4 400 теңгеге жуық.
Назгүл Хатепова министрлік базарлардағы бағаны тұрақты бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.
Оның сөзінше, ішкі нарық сиыр етімен негізінен отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етіледі. Былтыр елімізде 4,4 мың тонна сиыр еті өндірілген. Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда артқан.
Сонымен қатар елдегі мал басының да өсімі байқалады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі осы факторларды ескере отырып, қазіргі таңда сиыр етінің бағасын күрт көтеретін алғышарттар жоқ деп есептейді.