485.4
550.69
6.41
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада субұрқақта шомылған балалардың ата-аналары жауапқа тартылады
Жаңалықтар

Астанада субұрқақта шомылған балалардың ата-аналары жауапқа тартылады

25.06.2026
мин
0
86
Сурет: Ғаламтордан

Елордадағы Ботаникалық бақ аумағында субұрқақтарға түскен балалардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр. Полиция бұл талаптың балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынғанын айтты, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Астана қаласының Есіл аудандық полиция басқармасы субұрқақтарда шомылуға жол берген ата-аналарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылып жатқанын хабарлады.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, ескертулерге қарамастан кейбір тұрғындар балаларын субұрқақ суына түсіруді жалғастыруда. Мұндай жағдайда тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне жеткілікті деңгейде бақылау жасамаған ата-аналарға қатысты тиісті хаттамалар толтырады.

Мамандар субұрқақтардың демалыс және көріктендіру нысаны ретінде салынғанын, олардың шомылуға арналмағанын атап өтті. Себебі мұндай орындарда электр жабдықтары орнатылған, сондай-ақ тайып құлау, жарақат алу және түрлі инфекциялық ауруларды жұқтыру қаупі бар.

Осыған байланысты полиция ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне мұқият қарауға шақырып отыр. Құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандардың субұрқақтарда және суға түсуге арналмаған басқа да орындарда ойнауына немесе шомылуына жол бермеуді сұрады.

Айта кетейік, жаз мезгілінде елорда мен еліміздің өзге қалаларында субұрқақтардың маңына келушілер саны артады. Сондықтан мамандар тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын еске салуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл