Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада «Tarbiya Ulttyq kiim» сән үйі ашылды
Жаңалықтар

Астанада «Tarbiya Ulttyq kiim» сән үйі ашылды

19.02.2024
1 мин
0
1144
Фото: Tarbiya Ulttyq kiim» сән үйі орталығының баспасөз бөлімі

Елордамыз Астанада бірегей тарихты, салт-дәстүр мен ұлттық мұраны бейнелейтін қазақы үлгідегі киімдер ұсынатын «Tarbiya Ulttyq kiim» сән үйінің орталығы ашылды.

Салтанатты ашылу шарасына еліміздің бірқатар қоғам қайраткерлері, өнер мен медиа майталмандары қатысты.

Орталықтың тұсауын белгілі күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбай, қоғам белсендісі, тіл жанашыры Оразгүл Асанғазы және Отандастар қорының басшысы Абзал Сапарбекұлы кесті.

«Кез келген ұлттың ұлттық құндылықтары болады. Солардың бірі – біздің ұлттық киім. Кезінде ұлттан алшақтаған дүниелерді қайтару жолында әрбір азамат қолынан келгенінше күрескерлік танытуы тиіс. Сондай еңбекқор жанның бірі Тарбия Айдымбаева. Жарқын бастамаларына сәттілік тілеймін. Ұлттық киімді тек наурызда ғана емес, әр күні киетін қазақтар көбейе берсін!» - деп қоғам белсендісі, тіл жанашыры Оразгүл Асанғазы тілек білдірді. Ал белгілі күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбай ұлттық құндылықтарды насихаттайтын орталықтардың маңызы жайында сөз қозғады.

Ұлттық қолөнер саласында 20 жылдан астам тәжірбиесі бар Тәрбия Айдымбаева ұсынатын ұлттық киімдер бүгінде көптің сұранысына ие. Танымал әнші Димаш Құдайберген сынды өнер иелері дәл осы «Tarbiya Ulttyq kiim» сән үйінің шапанын киіп, әлемдік сахналарда ән шырқаған.

Ұлттық киім –  ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, мұра боп қалатын халық мәдениетінің баға жетпес бөлігі. Ендеше, халыққа ұлттық нақыштағы киім ұсынатын орталықтар көбейе беруі тиіс.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл