Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
9 шілде күні кешке «Яндекс» компаниясының курьерлері жұмыс шартына көңілдері толмай ереуілге шықты, деп хабарлайды Dauletten.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана полиция департаменті жол қозғалысына кедергі келтірген Яндекс курьерлері жауапқа тартылғанын хабарлады.
«9 шілде күні сағат 21:00 шамасында ЭКСПО аумағына жұмыс жағдайына көңілі толмай «Яндекс» курьерлері жиналды, содан кейін жастар мотороллермен Қабанбай батыр даңғылының бойындағы «Қазақстан Күні» монументіне қарай бет алды. Олар жол қозғалысына үлкен кедергі жасап, мән-жайды анықтау үшін полиция қызметкерлерімен тоқтатылды. Қосымша тергеу үшін олар Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
Істі қараудан кейін наразылық білдірушілер ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігі («Жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының жол қозғалысы ережелерін бұзуы») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп түсіндірді елордалық жол полициясы.