Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
33 жастағы ер адам Алматы ауданының полиция бөліміне арызбен жүгініп, оны такси жүргізушісі тонап кеткендігін хабарлаған, деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері такси жүргізушісінің орналасқан жерін анықтады. Ол Қырғызстанның 37 жастағы азаматы болып шықты. Шетелдіктің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екендігі анықталды.
Қырғызстан азаматы мойындау көрсетпелерін берді, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды ескертеді. Қоғамдық орындарда болған кезде қымбат заттар мен үлкен сомадағы ақшаны көрсетпеуге тырысыңыз. Егер сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, дереу полицияға хабарлау қажет.
Фото: mostmedia.io