450.79
524.13
5.31
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Жаңалықтар

Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

11.09.2026
мин
0
54
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылар мен олардың бапкерлерін марапаттады. Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты жиында Президент ұлттық құраманың жетістігін атап өтіп, ұлттық спортты дамыту, бұқаралық спортты күшейту және халықаралық жарыстарды жоғары деңгейде өткізу мәселелеріне тоқталды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президент спортшыларды Көшпенділер ойындарындағы жеңістерімен құттықтап, олардың Қазақстанның ұлттық спорттағы абырой-беделін дүние жүзіне паш еткенін айтты.

— Әлемнің 100-ден астам елінен келген спортшылармен бәсекеге түсіп, көк байрағымызды биікке көтеру – нағыз ұлт перзенттеріне тән асыл қасиет. Ұлттық командамыз ел үмітін толығымен ақтады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірінші орынға шықты. Отандастарымыз 74 медаль, оның ішінде 32 алтын жүлде иеленді.

Мемлекет басшысы бұл нәтижені ел мерейін өсірген елеулі жетістік деп бағалады. Оның айтуынша, жарыстағы жеңіс қазақ халқының рухы биік, жігері мықты әрі жеңіске ұмтылған ұлт екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Президент Көшпенділер ойындарының спорттық жарыс қана емес, халықтар арасындағы достық пен өзара құрметті нығайтатын маңызды алаң екенін атап өтті.

— Спорттың басты миссиясының бірі – өзара құрмет пен сыйластықты дәріптеу, халықтар достығын нығайту. Бұл дүбірлі дода жоғары деңгейде өтті. Сайыс нәтижелері әділ болды, – деді Президент.

Көшпенділер ойындарын бірлесіп дамыту қажет

Қасым-Жомарт Тоқаев Көшпенділер ойындарының халықаралық беделі артып келе жатқанына назар аударып, бұл жарысты түркі халықтарымен бірлесіп дамыту қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысының сөзінше, бүгінде бүкіл әлем түркі халықтарына көз тігіп отыр. Сондықтан ортақ тарихи және мәдени мұраны дәріптейтін Көшпенділер ойындарының мәртебесін көтеру – баршаға ортақ міндет.

— Қазақстан осы ортақ іске белсене атсалысуға қашанда дайын. Екі бауырлас елге ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен ең құнды өсиеті – өзара құрмет және мәңгі достық. Біз – Ұлы дала өркениетінің заңды мұрагерлерінің біріміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ата-бабадан қалған салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды сақтап, оны жас ұрпаққа жеткізу қажеттігін айтты. Оның пікірінше, бұл міндетті өркениетті әрі мәдениетті түрде жүзеге асыру маңызды.

Осы ретте Мемлекет басшысы қоғамның барлық мүшесін сабырлы әрі мәдениетті болуға шақырды. Ұлттық спорт өкілдерімен қатар мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, дәрігерлер, ұстаздар, студенттер, ғалымдар, жұмысшылар мен әскери қызметкерлер де қоғамдық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосуы керек екенін атап өтті.

Соңғы жеті жылда 500-ден астам спорт нысаны салынды

Салтанатты жиында Президент елімізде спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылған жұмыстарға да тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, соңғы жеті жылда Қазақстанда 500-ден астам спорт нысаны салынған, бірқатары жөндеуден өткізілген. Былтыр «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға өзгерістер енгізіліп, оның ішінде ұлттық спортты дамытуға басымдық берілді.

Мемлекет басшысы балалардың спортпен және дене шынықтырумен міндетті түрде айналысуы елдің болашағы үшін маңызды екенін айтты.

— Бұл – еліміздің жарқын болашағының кепілі. Дене-бітімі әлсіз, рухы қауқарсыз халқы бар ел ешқашан озық, дамыған мемлекет бола алмайды, – деді Президент.

Сонымен қатар спорт мектептерінде оқитын әр балаға бөлінетін қаражат көлемі 233 мың теңгеден 415 мың теңгеге дейін, яғни екі есеге жуық артқанын жеткізді. Былтыр 220 мыңнан астам бала спорт үйірмелеріне мемлекет есебінен тегін барған. Бұл мақсатқа 50 миллиард теңге бөлінген.

Президенттің мәліметінше, бүгінде дене шынықтырумен тұрақты айналысатын азаматтардың саны 8 миллионнан асқан. Бұл – ел халқының жартысына жуығы.

Ұлттық спортты дамыту – маңызды міндет

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық спорт түрлерін одан әрі дамыту Үкімет пен әкімдіктердің алдында тұрған аса маңызды міндет екенін атап өтті.

Қазір Қазақстанда осы салада жұмыс істейтін 30-дан астам арнайы мекеме бар. Астанада Ұлттық спорт университеті ашылып, спорт саласына кәсіби мамандар даярлау жұмысы қолға алынды. Сондай-ақ «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» жұмысын бастады.

Елімізде жыл сайын қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар, бәйге және басқа да ұлттық спорт түрлерінен мыңнан астам жарыс өткізіледі. Ұлттық спорт фестивалі, «Ақ бидай» ауыл ойындары және «Қазақстан барысы» сияқты додалар да тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Президент ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлерінің заң жүзінде тең мәртебеге ие болғанын атап өтті.

Ол қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы жетістіктеріне де тоқталды. Соның ішінде теннисші Елена Рыбакинаның әлемнің бірінші ракеткасы атануын ерекше атап, спортшыны еңбекқорлығы мен шеберлігі үшін құттықтағанын айтты.

Қазақстан халықаралық спорттық додаларды қабылдайды

Мемлекет басшысы спорт саласындағы жетістіктерді Үкімет пен жауапты министрліктің жұмысының алғашқы нәтижесі ретінде бағалап, алда атқарылатын міндеттердің ауқымды екенін айтты.

Қазақстанда халықаралық спорттық жарыстар өткізу дәстүрі де жалғасып келеді. Биыл Астанада дәстүрлі спорт пен цифрлық технологияны ұштастырған «Болашақ ойындары» өтті.

Президенттің айтуынша, келесі жылы елордада жеті әлем чемпионаты өтеді. Ал 2029 жылы Алматыда X Қысқы Азия ойындары ұйымдастырылады.

— Өте ауқымды жұмысты атқаруымыз керек, бірақ мұның бәрі – еліміздің абыройына, беделіне өте қажетті халықаралық іс-шаралар. Осы маңызды шаралардың бәрін сапалы әрі жоғары деңгейде ұйымдастыру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Чемпион болу – үлкен жауапкершілік

Сөз соңында Мемлекет басшысы спортшылардың жеңісі ең алдымен өскелең ұрпаққа үлгі болатынын айтты.

Оның пікірінше, жастар чемпиондарға қарап бой түзейді. Сондықтан спорттағы жеңіспен қатар, жеңімпазға лайық мінез-құлық пен жоғары мәдениетті көрсету де маңызды.

— Жеңімпаз, чемпион болу – бір басқа, жеңімпазға, чемпионға лайық үлгі көрсету – бір бөлек. Жас ұрпақты табанды, қайсар, шыдамды болумен қатар, оларды әдепті, мәдениетті, тиянақты болуға үйрету өте маңызды, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық спорттың дамуы елдің рухани және мәдени болмысын нығайтатынын атап өтіп, спортшыларға ел намысын халықаралық аренада абыроймен қорғағаны үшін алғыс білдірді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл