| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде «қыркүйек» пен «қыргүйек» сөзінің жазылуына қатысты қоғамда туындаған пікірталасқа нүкте қойылатын болды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин аталған мәселені жүйелі түрде шешу үшін қазақ тілінің жаңа Орфографиялық сөздігі дайындалатынын хабарлады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ерлан Қариннің айтуынша, мемлекеттік тілдің әрбір сөзінің айтылуы мен жазылуы ресми құжаттама мен мемлекеттік аппараттың күнделікті жұмысына тікелей әсер етеді. Шенеуніктер қай сөздің қалай жазылатынына өз бетінше араласпайды, алайда бұл үдерісті тиімді үйлестіруді өз мойнына алады. Осыған байланысты тіл саясатына жауапты мекеме басшылары мен жетекші ғалымдардың қатысуымен арнайы жиын өтті.
Талқылау қорытындысы бойынша мынадай негізгі шешімдер қабылданды:
Ғалымдардан құралған арнайы жұмыс тобы құрылады: Олар жаңа Орфографиялық сөздіктің жобасын дайындайды.
Дайын болған еңбек Мекемеаралық комиссияның қарауына ұсынылып, ресми түрде бекітіледі.
Ұлттық жоба мәртебесі: Соңғы Орфографиялық сөздік 2013 жылы жарық көргендіктен, бұл іске «Қазақстан тарихының» көптомдығы сияқты маңызды ұлттық жоба ретінде жауапкершілікпен қарау тапсырылды.
Мемлекеттік кеңесші соңғы 10 жылдан астам уақытта қолданысқа көптеген жаңа сөздердің қосылғанын, сондықтан асығыстыққа бой алдырмай, мәселені созбалаңға салай нақты шешім шығару қажеттігін атап өтті.