Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада орын алған автобус апатына байланысты тергеу жалғасуда. Оқиға кезінде 15 жолаушы зардап шеккен, олардың қатарында екі аяғынан айырылған жеті жасар қыз да бар, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астана қалалық Полиция департаментінің ресми жауабында, жүргізушінің мас күйде болмағаны және бұл жайт медициналық сараптама арқылы расталғаны айтылған. Сондай-ақ ол бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.
- Қазіргі таңда бұл іс Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеліп, оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде, – делінген хабарламада.
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жүргізуші ауруханаға жатқызылған және қазіргі уақытта еңбекке уақытша жарамсыз деп танылған.
- Еңбек кодексінің 57-бабының 4-тармағына сәйкес, уақытша еңбекке жарамсыз кезеңде еңбек шартын бұзу заңсыз. Сондықтан жүргізушімен жасалған еңбек шарты бұзылған жоқ, – деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі.