Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанадағы соғыс ардагерлері 2 000 000 теңгеден төлем алады
Жаңалықтар

Астанадағы соғыс ардагерлері 2 000 000 теңгеден төлем алады

15.04.2024
1 мин
1
287
Фото: ertisoniri.kz

Биыл Астанада соғыс ардагерлерге төленетін төлем сомасы екі есеге ұлғайып, 2 млн теңгеге жетті.

Бұл туралы қала әкімінің ресми сайты хабарлаған. Ал оларға теңестірілген азаматтар 166 мың теңге көлемінде бір реттік төлем алады.

«Астана әкімдігінің шешімі бойынша Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне төленетін төлем сомасы екі есеге ұлғайды. Осылайша, ҰОС ардагерлері 2 миллион теңгеден алады. Бүгінгі таңда елордада ҰОС-тың 7 ардагері тұрады. Сонымен қатар, төлемдерді Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер 45 АЕК (166 140 теңге) мөлшерінде төлем алады», - деп хабарланған әкімдіктің ресми сайтында.

Сонымен қатар, дереккөзге сүйенсек, басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарының ардагерлері 45 АЕК (166 140 теңге), «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа адамдар (тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған ҰОС мүгедегінің жұбайы (зайыбы) – 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде төлем алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
А
Айка 16.04.2024
Жамбыл облысына жоқ па
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл