Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мақсат Саматұлы Астанада құрылған жаңа ауданның әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жаңа әкім еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің маманы ретінде бастады. Әр жылдары "Астана Горкоммунхоз" мекемесінде, Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде және басқа да орындарда қызмет атқарған.
2012 жылдан 2019 жылдың мамырына дейін Алматы ауданы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2019 жылдың мамырынан 2022 жылдың тамызына дейін Алматы ауданы әкімінің орынбасары, Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2022 жылдың тамыз айынан бастап Алматы ауданының әкімі лауазымында болған.