Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандағы ата-аналар мектеп формасын міндетті етуге қарсы петиция жариялады. Бастамашылар форма бағасының жыл сайын қымбаттап, отбасы бюджетіне қосымша жүктеме түсіретінін айтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Петиция авторларының пікірінше, баланың оқу үлгерімі киіміне байланысты емес, сондықтан оқушыларға өз қалауындағы киіммен мектепке баруға мүмкіндік беру керек. Белсенділер жеңілдетілген киім үлгісін енгізуді ұсынуда.
Саудагерлердің дерегінше, мектеп формасының бағасы жыл сайын 10–15% өседі. Қазіргі кезде бірқатар жекеменшік мектеп өз формасын енгізгенімен, мемлекеттік мектептерде бірыңғай үлгі сақталып отыр.
Оқу-ағарту министрлігі міндетті мектеп формасын қолдап отыр. Ведомство өкілі Мереке Амангелдіқызының айтуынша, біркелкі киім тәртіпті сақтау, білімге назар аудару және әлеуметтік теңдікті нығайтуға көмектеседі. Сонымен қатар форма буллинг пен сәнге байланысты қысымды азайтады. Әзірге петиция 156 қол жинаған.
Тағы көру