Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ақпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер таратуға жатпайды», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Абылай Мырзахметов 2013 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың ақпанына дейін «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы болып қызмет атқарған.
фото: Атамекен ҰКП