Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде 2021 жылы атаулы әлеуметтік көмекке 122,8 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты.
«Өткен жылы осы бағытта 88,2 млрд теңге жұмсалған. Ал биыл 122,8 млрд теңге бөлінеді. Оның ішінде 96,3 млрд теңге республикалық бюджеттен болса, 26,5 млрд теңге жергілікті бюджеттен беріледі", – деді ол.
Оның айтуынша, өткен жылы АӘК алушылар саны 184 мың отбасыдан 936 мың азаматты құрады, оның ішінде 600 мың бала, 73,5 мың көпбалалы отбасы.
Әлеуметтік топтаманы ұсыну аясында былтыр мектеп жасына дейінгі 218 мыңнан астам бала азық-түлік жиынтығымен (ай сайын) және гигиеналық құралдармен (тоқсан сайын) қамтамасыз етілді.
Дереккөз: Sputnik.kz
Тағы көру