Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биыл наурыз айында 128,8 мың отбасындағы 649 мың азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді.
«АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нен төмен азаматтарға тағайындалады.
Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде», - делінген хабарламада.
2021 жылғы 1 наурызға АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 154,3 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.
Еске сала кетейік, 106,4 мың отбасындағы 524,3 мыңнан астам азаматқа 2021 жылғы I тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік мекемелерге жүгінбей-ақ автоматты түрде ұзартылды.
Тағы көру