Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырау облысында жануарларға қатыгездік жасаған екі жігітке 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы берілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға 19 маусымда Қызылқоға ауданындағы Мукур ауылында болды. Жас жігіттер итті бағанға байлап, үстіне бензин шашып, өртеп жіберген. Жануар қайтыс болды.
Сот алдында екі айыпталушы және кәмелетке толмаған жасөспірім отырды.
Сот айыпталушыларды Қылмыстық кодекстің 316-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп таныды. Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып шын жүректен өкіну, жастық, сотталмағандығы, сонымен қатар ауырлататын мән-жайлардың болмауына байланысты, оларға 6 айға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады облыстық сот.