Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырауда жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған "Sauatty bol 1.0" оқыту бағдарламасыіске қосылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқытуға қатысушылар құқықтық сауаттылықты арттыру, медиасауаттылықты арттыру және киберқауіпсіздіктің алдын алу бағытында білімдерін арттырады. Алғашқы сабақты "Ембімұнайгаз" АҚ комплаенс-офицері Насіпқалиев Шыңғыс жүргізді.
Семинар барысында сарапшылар киберқауіпсіздік туралы негізгі түсініктерді түсіндіріп, интернеттегі қауіп-қатерлердің алдын алу шараларын талқылады. Сонымен қатар, жеке мәліметтерді қорғау, фишинг шабуылдарынан сақтану және қауіпсіз интернет пайдалануды қамтамасыз ету жолдары туралы практикалық кеңестер берілді.
Семинарға қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, киберқауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Бұл шара киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға өз үлесін қосты. Семинардың қорытындысында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Жоба Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ грантты негізінде "Ой бренд" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.