Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Атырау қаласында орналасқан №270 референдум учаскесіне үйлену тойларын жасағалы жатқан Арман Абатбаев пен Наргиз Аманжол барып, таңдауларын жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жас отбасы үлкен өмірге қадам басып жатқан күнмен қатар келген жалпыхалықтық референдумнан тыс қалмауды шешіп, учаскеге арнайы барған. Жас отбасы азаматтық борыштарын орындап, болашақ үшін дауыс беруді орынды деп есептеген.
Сағат 18:00-дегі ақпаратқа сәйкес халықтың 61,56%-ы, яғни 7 537 675-і дауыс берген. Оның ішінде Атырау облысы бойынша халықтың белсенділігі 60,80%-ды құрайды.