Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырауда "Құқықтық сауаттылық - заман талабы" жас мамандарға арналған семинар өткізілді. Семинарды Атырау облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Асан Есбосын жүргізді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Асан Балғабайұлы жас мамандарға құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы, құқықтық мәдениеттің қоғамдағы рөлі және заңдық мәселелерді шешудің тиімді жолдары туралы жан-жақты түсіндіріп берді. Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі маманнан құнды кеңестер алды.
- Семинар барысында құқықтық білімімізді арттыруға бағытталған ақпараттармен таныстым. Спикерлердің кәсіби біліктілігі мен ұсынған материалдары өте қызықты болды. Семинарда құқықтық сауаттылықтың маңызы мен қоғамдағы рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік туды. Әсіресе, практикалық мысалдар мен нақты жағдайларды талқылау барысында құқықтық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын үйрендім. Мұндай шаралардың ұйымдастырылуы жастар үшін өте маңызды, себебі ол бізді құқықтық жауапкершілігімізді сезініп, қоғамда белсенді қатысуға ынталандырады. Барлық ұйымдастырушыға және қатысушыларға алғысымды білдіремін, - деді семинарға қатысушы Қали Рахат.
Осындай іс-шаралар жас мамандардың құқықтық білімдерін арттыруға және олардың кәсіби дамуына үлкен үлес қосады деп сенеміз.
Айта кетейік, жоба Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты негізінде "Ой бренд" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатыр.