Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырауда "Адал азамат" жобасы аясында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" атты интеллектуалды ойын қорытындыланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ойынға комплаенс-офицерлер, жастар, студенттер және белсенділер қатысты. Ойынға қатысушыларға Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
Бұл іс-шара жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді арттыру және құқықтық сананы нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Интеллектуалды ойынның басты мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың зиянды салдарын түсіндіру, құқықтық мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыру және жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту.
Ойын қорытындысы бойынша 1-орын және 200 мың теңге қаржылай сертификат "Әділет" командасына, 2-орын және 150 мың теңге қаржылай сертификат "Адалдық алаңы" командасына, 3-орын және 100 мың теңге қаржылай сертификат "Сәттілік" командасына табысталды. Ойынға қатысқан барлық қатысушыға арнайы сертификаттар берілді.
Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың маңыздылығын түсініп, құқықтық білімдерін жетілдірді. Бұл іс-шара жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ынталандыратын маңызды қадам болды.
Айта кетейік, жоба Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты негізінде "Ой бренд" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатыр.