| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырау облысында жоғалып кеткен отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сұлтан мен оның әйелі Ақбаян Алматыға жеткізілді. Алматыда күдікті Сұлтан Сәрсемалиев Наурыз бен Мирамгүлді өлтіргенін мойындап, олардың денелерін бұрын өзі тұрып тұрған Геолог шағын ауданындағы үй ауласына көмгенін айтқан.
Осы ақпараттан кейін Атыраудағы тергеушілер көрсетілген аумаққа барып, тексеріп, екі адамның мәйітін тапты. Марқұмдардың денесі табылған ауладағы үйде күдікті Сұлтан Сәрсемалиев әйелімен бірге тұрған.
Қазіргі уақытта жоғалған отбасының барлық мүшесінің мәйіттері табылғаны белгілі болды.