Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің үйіндегі сәнді бұйымдар 7 қазанда аукционда сатылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұрынғы ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімовтің үйінен тәркіленген 11 затты сатуға шығарды. Олардың арасында коллекциялық қаламдар, тиындар, қылыштар, қанжарлар, балталар, белбеу бар. Активтердің жалпы құны 3,5 миллион теңгеден асады. Аукцион 7 қазанда өтті.
Аукционға екі қалам шығарылды:
Ал "Алма Отаны", "Астана", "Бәйтерек" және "Қазақстан картасы" атты монеталар жиынтығы шамамен 199 мың теңгеге сатылған.
Компания Кәрім Мәсімовтің үйінен табылған қылыштарды да сатқан: олардың бірі 930 мың теңгеге, ал екіншісі 837 мың теңгеге сатылған.
Сондай-ақ болат қындағы қанжар 185 мың теңгеге сатылған.