Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ауыл балалары назардан тыс қалмады
БАҚ біз туралы

Ауыл балалары назардан тыс қалмады

15.02.2024
мин
0
123

Биыл ауылдағы оқушыларға қолдау көрсету мақсатында «Dauletten» қайырымдылық қоры «Ауылдағы ағайынның балаларына» атауымен ерекше қайырымдылық жобасын жүзеге асыруда.

Жаңа оқу жылына балалардың мектепке дайындығы ата-аналардың қалтасына ауыр келетіні сөзсіз. Әсіресе алыс ауылдарда тұратын ата-аналар үшін бұл қиынның қиыны. Шалғай ауылда тұрса да, оқушылар білім алуы үшін қажетті заттармен қамтамасыз етілуі тиіс.

«Ауылдағы ағайынның балаларына» қайырымдылық жобасының мақсаты – алыс ауылдарда тұратын оқушыларды мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету. Қайырымдылық керуені Қазақстанның барлық өңірлерін аралауда. Республика бойынша кемі 1000 ауылдық оқушы көмек алады. Әр оқушыға сөмке және оқуға қажетті оқу құралдары жинақталған. Көмек алушы оқушылар тізімі жергілікті обылстық білім басқармаларымен жинақталды.

«Біздің қайырымдылық керуеніміз Маңғыстау облысынан бастау алды. Бүгінгі күнге дейін Маңғыстау, Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарына көмектер таратылды. Айдың аяғына дейін қалған өңірлерді аралап, ауыл оқушыларының қолына табыстайтын боламыз. Қайырмыдылық жобасы қайырымды халықтың көмегімен жүзеге асуда. Қол ұшын созған әрбір жанға алғыс айтамыз. Көмек беремін дейтін жандар болса «Dauletten» қорының ресми шотына қаражат аудара алады.» – дейді қор Президенті Жасұлан Бостандықұлы.

Еске сала кетейік, қор мұқтаж жандарға баспана алып берумен және білімді жастарды қолдаумен айналысады. Қор былтыр оқушылардың мектепке дайындығы үшін «Зейінді 1000 бала» атауыменел бойынша 1000 балаға 30 000 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсеткен. Оқушыларды мектепке дайындауды қор жыл сайын дәстүрге айналдыруда.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
289
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл