Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жаңа оқу жылы қарсаңында «Daulettеn қайырымдылық қоры ауылдағы мектеп оқушыларын мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Ауылдағы ағайынның балаларына» қайырымдылық жобасы биыл да жалғасын тапты. Жобаның басты мақсаты – алыс ауылдарда тұратын оқушыларды мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету.
Қор өкілдері арнайы ұйымдастырылған керуендер арқылы ауыл-аймақтарды аралап, балаларға мектепке қажетті құралдарды өз қолдарына табыстауда. Қазіргі уақытта қайырымдылық керуенінің бір бөлігі Шығыс, Солтүстік және Орталық Қазақстан бағытында жолға шығып ауылдарды аралауды бастаса, екінші бөлігі Оңтүстік және Батыс Қазақстанда белсенді жұмыстар жүргізуде. Жоба аясында 1 000 ауыл оқушы қамтылады. Әрбір оқушыға мектепке арналған сөмке, дәптер, қалам, сурет дәптер сынды және т.б. қажетті құрал-жабдықтар беріледі. Көмек алушы оқушылар тізімі жергілікті білім басқармаларымен жинақталды.
«Біздің қайырымдылық керуеніміз Алматы қаласынан бастау алды. Айдың аяғына дейін қалған өңірлерді аралап, ауыл оқушыларының қолына табыстайтын боламыз. Қайырымдылық жобасы қайырымды халықтың көмегімен жүзеге асуда. Қол ұшын созған әрбір жанға алғыс айтамыз. Көмек беремін дейтін жандар болса «Dauletten» қорының ресми шотына қаражат аудара алады» – дейді қор Президенті Жасұлан Бостандықұлы.
Еске сала кетейік, биыл үшінші жыл қатарынан іске асып жатқан жоба ең алғашқы жылы «Зейінді 1 000 бала» атауымен 1 000 балаға мектеп құралдарын алуға (әр балаға 30 000 теңгеден) жалпы көлемде 30 000 000 теңге қаржы аударылған. Жоба былтырғы жылдан бастап ауылдағы мектеп оқушыларын қолдау мақсатында «Ауылдағы ағайынның балаларына» атауымен жалғасып келеді. Қайырымдылық жобасы қайырымды халықтың көмегімен жүзеге асуда. Жобаны қолдаймын дейтін жандар болса «Dauletten» қайырымдылық қорының ресми шотына қаражат аудара алады.