Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде 882 елді мекенде интернет жоқ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко айтты.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта тұрғын саны 250-ден аспайтын ауылдық жерлер қарастырылған. Интернеті жоқ елді мекен арасынан 243 ауылдық жерге интернет қосу жоспарланып отыр. Оларға 2021-2023 жылдар аралығында кең жолақты интернет желілері орнатылады.
Бүгінгі таңда кең жолақты интернетпен еліміздегі 6459 елді мекеннің 4646-сы қамтамасыз етілген. Ал тұрғын саны 250-ден асатын ауылдық жерлерге интернет жүргізу жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін толық атқарылады.