Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады»: Саиров QazaqGaz жұмысына шүйлікті
Жаңалықтар

«Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады»: Саиров QazaqGaz жұмысына шүйлікті

11.02.2026
мин
0
97
Сурет: Tengrinews

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан сыны еске сала отырып, QazaqGaz компаниясының жұмыс тиімділігін сынға алды. Депутат өндіріс көлемі мен қызметкерлер саны арасындағы сәйкессіздікке назар аударды, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Ұлттық құрылтайдағы сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың QazaqGaz жұмысына қатысты айтқан сынын еске салды.

- Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев QazaqGaz-дың жұмысын қатаң сынға алды. Өндіретіні 350 млн куб, 10 мың адам жұмыс істейді. Былайша айтқан кезде айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады. Мемлекет басшысының сынынан қандай қорытынды жасады? Осы Қазақстанның өзінде газ өнімін арттыру үшін олар қандай жоспар жасап отыр?, - деп сұрады Мәжіліс депутаты.

Депутат Қазақстанда газ өндірісін арттыру үшін нақты жоспарлар жасалуы керегін айтты. Сондай-ақ, ол компания құрылымындағы тиімсіздік пен басқару жүйесіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Саировтың пікірінше, өндіріс көлемі мен штат саны арасындағы сәйкессіздік мемлекеттік компания жұмысының тиімділігіне күмән тудырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл