Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2021 жылы әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында еліміздің әр өңірінде орталық ашылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.
Оның айтуынша, әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту және қоғамдық-саяси өмірге белсенділікті арттыру басты назарда. Осы орайда, орталықтарда түрлі мамандықтарға оқыту, қосымша гранттар бөлу және кәсіп бастауға жеңілдетілген несие берілетін болады.
«Ағымдағы жылы әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған 17 орталық құрылып, еліміздің әр өңірінде өз жұмысын бастайды. Нәтижесінде, әйелдердің экономикалық рөлінің күшеюі, кәсіпкерлік қабілеттерінің артып, қоғамның дамуына оң әсерін тигізетініне сенімім мол», - деді ол.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, елімізде мемлекет тарапынан қаржылай қолдау алатын кәсіпкер әйелдердің үлесі шамамен 32%-ті құрайды. Қаржылай емес қолдау жобаларының 45%-ті әйел-кәсіпкерлердің қатысуымен жүзеге асады.
Тағы көру