Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әйелмін деп танысқан: Алматыда үш адам әлеуметтік желі арқылы ақша бопсалаған
Жаңалықтар

Әйелмін деп танысқан: Алматыда үш адам әлеуметтік желі арқылы ақша бопсалаған

06.10.2025
мин
0
118

Алматы қаласында әлеуметтік желі арқылы жәбірленушіні алдап, қылмыс жасаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қылмыскерлер өзін әйел ретінде көрсетіп, ер адамдармен танысқан бірнеше жағдай тіркелген. Хабарламалар алмасып, жәбірленушінің пәтеріне кездесу ұйымдастырғаннан кейін оның "таныстары" келіп, өздерін ағасы немесе туысы деп таныстырады. Олар жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық туралы шағым түсіреміз деп қорқытып, ақша бопсалаған. Осындай оқиғалардың бірі Жетісу ауданының полиция қызметкерлерімен жедел түрде әшкереленді. Нәтижесінде үш күдікті ұсталды: әйел адам мен оның екі сыбайласы. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

- Қала тұрғындарын ескертеміз, интернет арқылы танысу әрдайым қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан бейтаныс адамдарға сенбеуге, сақ болуға, егер қорқыту немесе бопсалау жағдайы болса, дереу полицияға хабарлауға шақырамыз. Әрбір осындай дерек мұқият тексеріліп, кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл