Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Айналайындар-ау, масқара ғой”: Дайрабаев СҚО ауылдарының атауын қазақшаға өзгертуді талап етті
Жаңалықтар

“Айналайындар-ау, масқара ғой”: Дайрабаев СҚО ауылдарының атауын қазақшаға өзгертуді талап етті

26.02.2025
1 мин
0
125

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев Солтүстік Қазақстан облысына сапары кезінде өңірде өзге мемлекетте жүргендей сезінгенін айтты, - деп мәләмдейді Dauletten.kz.

Ол мәдениет және білім беру саласындағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі талқыланған жиында тіл мәселесін көтерді. Депутат ауыл атауларын қазақшалауды талап етіп, бұл жағдайды “масқара” деп атады.

- Идеологияға жауапты азаматтарға сұрақ: бізде солтүстік өңірлерде елдімекендердің, көшелердің атауы қашан мемлекеттік тілімізге ауысады? Масқара ғой, айналайындар, 34 жылдан бері тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде өмір сүріп жатырмыз. Солтүстік аймаққа сенбіде барып қайттым. Кірсем, басқа бір мемлекетте жүрген сияқты сезінесің. Біздің ешкімге өкпеміз жоқ. Бірақ біз қазақ ұлты мемлекет құраушы ұлтпыз. Неге бізде қазақша болмайды? Кім кедергі? Қай жаққа сіздер қарап отырсыздар? Жан ауырады көргенде, – деді Жигули Дайрабаев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
93
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл