Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандықтар ақшаларын қандай депозитте сақтайтыны айтылды.
Ұлттық Банктің дерегіне сүйенсек, жалпы банктердегі жинақ көлемі 1 шілдеге дейін 15 трлн теңгеден асты, ал азаматтардың салымдары 12,3 трлн теңгені құрады.
Ақшаның негізгі бөлігі мерзімді депозиттерде сақталуда - 9,3 трлн теңге, олар бір жыл ішінде 12%-ке артқан. Келесі кезекте талап етілгенге дейінгі салымдар мен ағымдағы шоттар – 2,1 трлн теңге (+40%) және жинақ шотында 924,5 млрд теңге сақталған. Ал ең аз ақша шартты депозиттерде 3,6 млрд теңге (+9%) жинақталған.
Сондай ақ, азаматтар арасында ақшаны ұлттық валютада сақтауға басымдық берілген.
Жалпы, бір жыл ішінде халықтың банктердегі депозиттерінің көлемі шамамен 26%-ке, яғни 9,8 трлн-нан 12,3 трлн теңгеге дейін өскен.