Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Азаматтар БЖЗҚ-ға 246 миллиард теңгені қайтарды
Жаңалықтар

Азаматтар БЖЗҚ-ға 246 миллиард теңгені қайтарды

25.09.2021
1 мин
2
1381

23 қыркүйектегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шотына өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 246,8 миллиард теңге қайтарылды. Бұл соманың 6,1 миллиард теңгесі емделу мақсатында сұратылған. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында берілген өтініштердің 438 834-і орындалды.

"Банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,8 триллион теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 4,2 миллион теңге", - делінген хабарламада.

Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (16,9%), Маңғыстау облысының (14,0%), Нұр-Сұлтан қаласының (12,9%) тұрғындары тарапынан жолданған. 

Сондай-ақ БЖЗҚ емделуге берілген 40,1 миллиард теңгеден астам сомаға 43 453 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,9 миллион теңгені құрайды.  

Біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті операторда ("Отбасы банкі") ашылған арнайы шотқа түскеннен кейін алушы уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде ұсынады. Егер уәкілетті операторға растаушы құжаттар белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда, бұл қаражат БЖЗҚ-ға қайтарылады.

 

Алимент төлемеген жағдайда не істеу керек?
2628 адам
жауапкершілікке тарту керек 0%
айыппұл салу керек 0%
әлеуметтік жұмысқа тарту керек 0%
сотқа жүгіну керек 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
М
Меруерт 25.09.2021
Аз толеудин амалдарын тауып алган ер азаматтар
Жауап беру
Ш
Шугыла 25.09.2021
Жауапкершиликке тарту керек
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл