Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлеуметтік желі арқылы азаматтарға 50 мың теңге алу үшін төлем жасау туралы ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеме жасады.
Елімізде азаматтар арасында 50 мың теңге ақшалай көмекті алу үшін 3 120 теңге мөлшерінде төлем жасау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда тағайындалуы міндетті түрде қандай да бір төлемдерді аударуға «байланыстырылған» жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер жоқ екенін хабарлайды», - делінген ресми мәлімдемеде.
Сондай-ақ, министрлік мамандары азаматтарды әлеуметтік желілердегі жалған хабарламаларға сенім білдірмей, ақпаратты тек ресми ақпарат көздерінен қарауды сұрады.