Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әзербайжан мен Ресей арасында әскери қақтығыс бола ма? Сарапшы пікір білдірді
Жаңалықтар

Әзербайжан мен Ресей арасында әскери қақтығыс бола ма? Сарапшы пікір білдірді

21.07.2025
1 мин
0
499

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев қазіргі геосаяси ахуалды көлік-логистикалық мүдделер тұрғысынан талдай келе, Әзербайжанның Зәңгезур дәлізі арқылы Арменияға ықпалын арттыруды көздейтінін алға тартты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оның пайымынша, Ресеймен қарым-қатынастың шиеленісуі Бакудің бұл мақсаттарына ықпал етуі мүмкін. Сонымен қатар, сарапшы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның саяси қолдауын да назардан тыс қалдыруға болмайтынын атап өтті.

Алайда Әшімбаев Әзербайжанның Ресеймен ашық әскери қақтығысқа баруы екіталай екенін мәлімдеді.

– Ресейдің Украинадағы әскери ресурстары біраз сарқылғанымен, Әзербайжанды бейтараптандыруға әлеуеті жеткілікті. Бұдан бөлек, Бакудің стратегиялық нысандары – мұнай мен логистикалық инфрақұрылым — айтарлықтай осал. Сонымен қатар, Ресейдегі әзербайжан диаспорасы, сауда және транзит байланыстары Баку үшін маңызды фактор. Армениямен соңғы қақтығыстағы жеңістен кейінгі эйфорияға қарамастан, бұл жетістікке Анкара, Тель-Авив және Қарабақты босатқан Пашинян билігінің ықпалы айқын, – деді сарапшы.

Қазақстан үшін қандай қатерлер бар?

Сарапшының айтуынша, Мәскеу мен Баку арасындағы шиеленіс Қазақстанға да жанама қауіп төндіруі мүмкін.

– Қазақстан үшін бұл ахуал логистикалық дағдарыстың ушығуына алып келуі ықтимал. Сонымен қатар, сырттан бағытталған идеологиялық шабуылдар, ұлтаралық, тілдік және діни сипаттағы арандатулар белсенді түрде жүргізілуі мүмкін. Дегенмен, Астана бұл бағытта тәжірибесі бар және өзінің салмақты саяси позициясын стратегиялық ойыншы ретінде сақтап отыр. Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен әріптестікті нығайту арқылы Қазақстан тұрақтылықты қамтамасыз ете алады. Мұндай жанжалдар Орталық Азия аймағы үшін тиімді емес, – деп түйіндеді Данияр Әшімбаев.

Ресей мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынас 2024 жылдың соңынан бері екі рет ушығып отыр.

Бірінші жағдай — желтоқсан айында Қазақстан аумағында Әзербайжанға тиесілі AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала болжам бойынша, ұшақ Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесімен атып түсірілген болуы мүмкін.

Екінші шиеленіс — 2025 жылғы маусымда Екатеринбург қаласында әзербайжан диаспорасының бірнеше өкілі ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Ұсталғандардың екеуі қаза тапқан. Бұған жауап ретінде Бакуде "Sputnik-Әзербайжан" агенттігінің бірнеше қызметкері және бірқатар ресейлік IT-маман тұтқындалды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл