Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әзербайжан Ресей азаматтарына елге кіру тәртібін күшейтуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
— Ресей Федерациясының азаматтары мен РФ аумағында тұрақты тұратын, бірақ Ресей азаматтығы жоқ тұлғалар Әзербайжанда бір күнтізбелік жыл ішінде визасыз 90 күн ғана бола алады, — деп көрсетілген ведомство сайтында жарияланған құжатта.
Министрлер кабинетінің бұл шешімі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Бұрын ресейліктер Әзербайжан аумағында жылына 180 күнге дейін визасыз бола алатын.
Осыған дейін Әзербайжан СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айхан Гаджизаде Бакудің ресейлік тарап енгізген жаңа ережелер мен РФ-да болу мерзіміне қатысты талаптарды күшейтуге жауап ретінде ұқсас шаралар қабылдайтынын мәлімдеген еді.