Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қытайдың Харбин және Ябули қалаларында өтіп жатқан Қысқы Азия ойындарының сегізінші жарыс күнінде қазақстандық фристайлшылар тағы бір медаль еншіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Аралас командалық сайыста ел намысын 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Аяна Жолдас, сондай-ақ Шерзод Хаширбаев пен Асылхан Асан қорғады. Ардана Маханова мен Дінмұхаммед Райымқұлов резервте болды.
Жүлде үшін барлығы үш команда – Жапония, Қазақстан және Қытай – сынға түсті. Қазақстан құрамасы 235,39 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Бұл спорт түрінде Қытай жеңімпаз атанды (305,64), ал Жапония (191,28) қола жүлдені қанағат тұтты.
Осылайша, қазақстандық фристайлшылар 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарындағы сегізінші медальді ел қоржынына салды. Қазіргі уақытта ұлттық құрама жалпы есепте бір алтын, бес күміс және екі қола медальмен төртінші орынға орналасқан. Турнир кестесінде Қытай көш бастап тұр, одан кейін Оңтүстік Корея мен Жапония алғашқы үштікті түйіндеді.