Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
БАӘ-де 300-ге жуық қазақстандық елге қайта алмай отыр: СІМ түсініктеме берді
Жаңалықтар

БАӘ-де 300-ге жуық қазақстандық елге қайта алмай отыр: СІМ түсініктеме берді

16.06.2025
1 мин
0
720
Сурет: Рёнхап

Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты БАӘ аумағында қалған Қазақстан азаматтарына қатысты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифинг барысында пікір білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

- Қазіргі таңда кейбір әуе компанияларының БАӘ-ден Қазақстанға рейстерін тоқтатуы себепті шамамен 300 қазақстандық азаматтың елге оралуында уақытша қиындықтар туындап отыр. Олардың басым бөлігі — туристер. Қазіргі уақытта дипломаттарымыз сол жерде жұмыс істеуде. Жақын күндері әуе компанияларымен келіссөздер нәтижесінде азаматтардың басым бөлігі елге қайтарылады деп күтілуде, – деді Смадияров.

Ол 14 маусымда Туризм және спорт министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты ескерту жариялағанын еске салды. Ескертуде Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливанның әуе кеңістігінде және оған жақын аймақтарда ұшуға шектеу қойылғаны айтылған.

- Туристерге жағдайды мұқият бақылап, әсіресе БАӘ мен Парсы шығанағы елдеріне сапар жоспарлау кезінде қауіп-қатерлерді ескеру ұсынылады. Соған қарамастан, соңғы екі күнде Қазақстаннан БАӘ бағытында жолаушыларға толы бірнеше рейс орындалды. Сондықтан Таяу Шығыс елдеріне сапар шегуді жоспарлаған азаматтардан барлық тәуекелдерді таразылап, байыпты шешім қабылдауды сұраймыз. Қажет болған жағдайда қазақстандық туристердің елге оралуы ‘Туристік қамқор’ қоры мен әуе тасымалдаушылар арқылы ұйымдастырылады, – деп мәлімдеді министрлік өкілі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл