Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау және инспекциялау нарығындағы бәсекелестік ахуалды талдап, “Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына” тексеру жүргізетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Талдау нәтижесінде аталған орталықтың монополиялық жағдайға ие екені белгілі болды. Қазіргі таңда ол осы салада қызмет көрсететін елдегі жалғыз мекеме болып, нарықты толығымен қамтып отыр.
- Зерттеу барысында инспекциялық қызметтерге арналған тарифтер орталықтың өз шешімімен белгіленетіні анықталды. Бұл – тарифтік саясаттың ашықтығына қатысты кәсіпкерлер арасында күмән туғызып, бағалардың негізсіз өсу қаупін арттырады. Мәселен, бір инспекциялық қызметтің тарифі алты есе қымбаттағаны анықталды. Бұл жағдай түпкілікті өнім бағасына әсер етіп, өндірушілер мен жеткізушілер бұл шығындарды дәрі-дәрмектің шекті бағасына қосады. Ал бұл бағаларды кейін мемлекет пен халық төлейді, – делінген агенттік хабарламасында.
Осыған байланысты халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру және бағаны төмендету мақсатында агенттік орталықтың үстем жағдайын теріс пайдалануы бойынша тексеріс жүргізетінін мәлімдеді.
- Сонымен қатар, инспекциялық қызметтерді мемлекеттік монополия ретінде тану мәселесі қаралатын болады. Бұл болашақта олардың тарифтерін реттеуге жол ашады, – деп қорытындылады агенттіктің баспасөз қызметі.