Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биыл Қазақстанда бала сатуға қатысты 6 факті тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды dauletten.kz.
«Өкініштә әрине, бірақ мұндай статистика бар. Өткен жылы бала сату бойынша 19 қылмыстық іс тіркелсе, биылдың өзінде 6 факті болды. Негізінен балалар еліміздің ішінде сатылады. Қандай да бір физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты балалы бола алмайтын адамдар бар. Бұл сұранысты қанағаттандыратын адамдар да табылады», - деді ол.
ІІМ өкілі бала сату фактілеріне перзентханалардың, балалар үйлері қызметкерлерінің және қалауынсыз жүкті болған адамдардың қатысы барын атап өтті. Сонымен қатар ол бала сатқандарға қатаң жаза қолданылатынын айтты.
«Жаза өте қатаң. Балаларды сатқаны үшін 18 жылға дейін бас бостандығынан айрылылады», - деді Қожаев.