Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ата-ана балаға қаржылық сауаттылықты қалай үйрету керек?
Қаржылық сауат

Ата-ана балаға қаржылық сауаттылықты қалай үйрету керек?

21.05.2020
2 мин
34
11617

Балалардың дүкеннен өздері қалаған затты алуға қызығушылығы 4 жастан басталады. Сол себепті ата-ана баланы қаржылық сауаттылыққа кішкентай кезінен үйрете алады. Бұл туралы толығырақ психолог Ғалияш Махашевадан сұрап білдік.

«Отбасында ата-ананың әр қылығын көріп өскен бала, сол істі міндетті түрде қайталайды. Сіз өз қаражатыңызды қалай жұмсайсыз? Үнемдей аласыз ба? Ақшаңызды әр жерге шашпай, қалай жинақы ұстайсыз? Міне, балаға қаржылық сауаттылықты үйретудің басы осы жерден басталады. Егер бала Сіздің ақшаңызды қолы жететін жерден алып, ойыншыққа айналдырса, есейгенде де өз қаражатына жеңіл көзқарас қалыптасады. Сол себепті есейген сайын қаржылық қиындыққа тап бола бастайды», – дейді маман.

Қаржылық сауаттылықты үйрету барысында кішкентай балаға түрлі ойындарды қолданса, ал 7-8 жастағы балаларға нақты есеп арқылы ақшаны үнемдеу, тиімді ұстау жолдарын түсіндіруге болады. Мысалы: мектепте асханаға жұмсайтын ақшаны 5 күнге жеткізуге тырысу, досына бәлішке деп қарызға берген ақшаны кейін қайтарып алу, ал осы баланың әрекеттерінің бәрін арнайы дәптерге жазып, есебін жүргізуге үйрету. Қарапайым ғана мысал болғанымен, бұл тәртіп  баланың ақшаға деген жауапкершілігін арттырады.

«Біз бала отырғанда ақша санамау керек немесе баланың көзінше отбасының қаржылық жағдайын айтпау керек деген түсініксіз қағиданы ұстанып алғанбыз. Бұл – орынсыз», – дейді Ғалияш Махашева.

Ойын –  балалар үшін әлемді танудың негізгі тәсілі. Дәл осы ойын арқылы балаларды ақшаны дұрыс жұмсауға үйретуге болады. Солардың бірқатарын сіздерге ұсынамыз:

  • «Кім арзанырақ табады?». Супермаркетте балаңызға қолжетімді бағада тауарды табуға тапсырма беріңіз. Тіпті жылдамдыққа жарысып, сатып алатын сүттің, шоколадтың арзанын бірге тауып көріңіз. Нәтижесінде өнімді салыстырып, қайсысы қымбат, қайсысы арзан екенін бірге талқылаңыз.
  • «Дүкенге барып кел». Балаңызды дүкенге жіберіп, тек тізім бойынша заттарды алып келуді бұйырыңыз. Нәтижесінде қай өнім қанша тұратынын, қанша ақша қалғанын сұрау арқылы оның логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға болады. Сондай-ақ бала өзіне жауапкершілік алып, дүкенде ересек адамдар сияқты сауда жасауды үйренеді.  
  • «Бюджетті жоспарлаймыз». 7-8 жастағы баламен ақшаның қайда кеткенін есептеңіз. Параққа арнайы кесте сызып, түрлі санатқа бөліңіз (тамақ, пәтер ақшасы, көлік, басқа да қажеттіліктер). Балаға қандай шығын қай санатқа жататынын нақтылауға мүмкіндік беріңіз. Нәтижесінде апта соңында қанша шығын қайда жұмсалғаны анық болады. Ал бұл кестенің есебін балаңызбен бірге жүргізіңіз.
  • Отбасының барлық мүшелерімен «Монополия» сияқты үстел ойындарын ойнауға болады. Бұл ойын түрі уақытты қызықты әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік береді.

Назерке БАЙЖАН 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
34 Пікір
Г
Гулмира 01.06.2021
Үлкен ұлым ақшан тез жұмсай екінші ұлын үнемдейді, кәзіргі балалар тастайғой ақшаға
Жауап беру
М
Молдир 28.04.2021
Өте орынды екен. Пайдалы кеңестер ушин рахмет
Жауап беру
Ж
Жазира 26.04.2021
Балдарым үйретемін калай жұмсау керек екенін бірақта☝️біреуі үнемдеп жинайды
Жауап беру
А
Айнұр 26.04.2021
Баланын бәрі бірдей емес қанша жерден тәрбелесен де Мысалға бір қызым ақшаны шашып жұмсаған ды Қалған ны үнемдеп жұмсайды дипозитке салып
Жауап беру
С
Сапаркуль 26.04.2021
Өте керемет кеңес екен Даулет саған шын жүректен ризамыз, Аллам тіл көзден сақтасын
Жауап беру
Р
Разия 25.04.2021
Өте дұрыс кеңес екен
Жауап беру
Г
Гульмира 25.04.2021
Дұрыс екен есте болсын. Үлкен балама айтып отырамын и ақша санағанда да көрсетемін қалғандары кішкентай енді үйретпесем
Жауап беру
Р
Роза 25.04.2021
Өте керемет кеңес
Жауап беру
М
Мөлдір 25.04.2021
Өте пайдалы кеңес екен. Мен көп жерінен қателік жасап отыр екенмін. Дәулет мырза сізге көп рахмет.
Жауап беру
К
Клара 25.04.2021
Керемет,пайдалы тәсілдер екен. Мен,негізінде қателік жіберіп жатқан жоқпын ба деген қорқынышым бар,50% дұрыс,50% бұрыс тұстарым бар екен.Рахмет Даулет
Жауап беру
Б
Бекзат 25.04.2021
Рахмееет.Пайдалы кеңес екен.
Жауап беру
Ж
Жазира 25.04.2021
Менің балам қазір 15 те. Оған дейін тап осы нұсқада жұмыс жасаппын. Қуанып отырмын. Қазір балам спортта әр жерлерге барады. Ақшаны тастай қылып ұстайды, жеткізеді. Мысалы Мәскеуге барғанда, Астанадан т. б жерлерден келгенды маған сыйлық әкеледі. Баламды бір жерге жұмсағанда толық сенем. Бұрын банкоматпен кредит төлегенде баламды жіберетінмін. Казір бәрін телефонмен жасаймызғо. Үйге кірген кірісті жазамын. Оның барлығының есебін шығарып, әрқайсымызға ай сайын қандай шығын жасағанымызды есептейміз.
Жауап беру
А
Ақмарал 24.07.2020
Рахмет пайдалы кеңестеріңізге
Жауап беру
К
Карлыгаш 28.06.2020
Керемет
Жауап беру
Ж
Жамал 28.06.2020
Керемет
Жауап беру
Ж
Жамал 28.06.2020
Керемет
Жауап беру
Ә
Әлия 21.06.2020
Өте керемет кеңес болды.
Жауап беру
Ж
Жанна 15.06.2020
Кызым 6 жас, дукенге жиберемин. Сдачасын кобине озине беремин, барып келген енбегин деп. Акша жинап жатыр, велик аламын деди.
Жауап беру
Э
Эльвира 11.06.2020
Мен мүлде магазинге жұмсамайды екенмін.
Жауап беру
Э
Эльвира 11.06.2020
Мен мүлде магазинге жұмсамайды екенмін.
Жауап беру
К
Карлыгаш 07.06.2020
Балаларды жиберип отырамын дукенге. Здачасын барин санап алып келеди. Мен алып журген заттарды да биледи. Асханага да берген акшасын есептеп журеди. Монополия ойыны жаксы екен. Уйде оздери ойнап отырады. Бирак уйдеги акшаны расымен балалардын козинше айтып есептемейди екенбиз. Керисинше оларга корсетпей тыгып санап коямыз..
Жауап беру
Г
Гулназ 02.06.2020
Мен тізім жазып дүкенге қызымды жіберем келген соң бағаларан сұрап есептетем дұрыс жасап жүр екем деп мәз болып қалдым. Баламды үйрете алмай жүрмін ол бағасын сұрамайды, затты алады да қолындағы бар ақшаны береді қайтарғанын алып келе береді қаншаға алдың деп сұрасаң білмеймін дейді.
Жауап беру
Н
Назерке 01.06.2020
Балам Жаксы есепке озі сайрап айтып келеді
Жауап беру
Л
Лаура 01.06.2020
Озимде истемейди екенмин балама қалай уйретемин деп қалдым(((
Жауап беру
К
Кубаева Калаш 01.06.2020
Өте дұрыс айтасыз
Жауап беру
С
Сапаркул 01.06.2020
Оте дурыс екен, менин балаларымен коп уакытым болмаитынын тусиндим, енди сиздин аиткан создеринизди окып, баларыма конил боле бастадым, ракмееет
Жауап беру
A
Aidana 01.06.2020
Жаксы тусиндирипсиз
Жауап беру
A
Aizhan 31.05.2020
Пикирлермен келисемин
Жауап беру
А
Айлат 30.05.2020
Дүкенге барады, монополия ойнаймыз
Жауап беру
Г
Гулдана 25.05.2020
Иа карап турсам шынымен ертеннен бастап жаза бастамасам оскенде баламада уйретем иншаллах
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл