Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жемқорлардан қайтарылған қаржыға қанша мектеп салынды?
Жаңалықтар

Жемқорлардан қайтарылған қаржыға қанша мектеп салынды?

04.12.2025
мин
0
219
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 86 мыңнан астам оқушы орны іске қосылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында жаңадан білім беру ұйымдарын салу немесе жаңғырту, оған жапсарлас құрылыс салу жүзеге асырылуда.

- Мемлекет балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі таңда 86 мыңнан астам орындық 77 мектеп пайдалануға берілді. Олардың басым бөлігі Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында және Астана қаласында орналасқан, – деді инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Мақсұтов.

Еске сала кетейік, қор қаражаты есебінен 100 мыңға жуық оқушы орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл