Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Отбасы банк зейнетақы жинағын көзді емдетуге пайдалануға өтінім қабылдауды тоқтатты
Жаңалықтар

Отбасы банк зейнетақы жинағын көзді емдетуге пайдалануға өтінім қабылдауды тоқтатты

04.12.2025
мин
1
253
Сурет: ғаламтордан

Стоматология бойынша өтінімдер тоқтатылғаннан кейін офтальмологияға сұраныс күрт артқан. Бүгіннен бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы төлемі есебінен офтальмологиялық қызмет ақысын төлеуге өтінім қабылдау уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Отбасы банкке сілтеме жасап.

"Отбасы банктің" ресми сайтында өтінім қабылдауды тоқтатуға Денсаулық сақтау министрлігінің БЖЗҚ қаржысын емделуге пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізуі себеп болғаны айтылған.

Жаңа ережелерге сәйкес, зейнетақы қаражатын стоматологияға да, офтальмологияға да пайдалануға рұқсат берілмейді.

- Осы күнге дейін жіберілген барлық өтінім жұмысқа қабылданып, белгіленген тәртіппен қаралады, - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта банкте "офтальмология" бағыты бойынша жалпы сомасы 13,3 млрд теңге болатын 15808 өтінім бар. Оның ішінде:

5131 өтінім (4,6 млрд теңге) бойынша банк мамандары құжаттарды тексеріп жатыр;

10 677 өтінім (8,7 млрд теңге) бойынша клиенттерден қосымша құжат сұралуда.

Банктің мәліметінше стоматология бойынша өтінімдер тоқтатылғаннан кейін офтальмологияға сұраныс күрт артқан.

- 15 қыркүйекке дейін айына орташа 174 өтінім мақұлданса, шектеулер енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіш 7 есеге, яғни 1 264 өтінімге дейін өсті, - дейді банк мамандары.

Сонымен қатар банк бірқатар күмәнді жағдайды анықтады. Әртүрлі клиенттер бір офтальмологиялық клиникамен келісімшарт жасаса да, құжаттарда клиника әр қалада орналасқан түрлі мекенжайлармен көрсетілген. Тексеру барысында бұл мекенжайларда мұндай клиниканың жоқ екені белгілі болды.

Бірқатар бағыт тоқтатылғанына қарамастан, азаматтар БЖЗҚ артық қаражатты әлі де маңызды және қымбат ем түрлеріне пайдалана алады. Атап айтқанда:

орфандық (сирек) ауруларды емдеу;

реконструктивтік және қалпына келтіру операциялары;

радионуклидті және радио-йод терапия;

радиохирургиялық ем;

протондық терапия.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Ж
Жанар 04.12.2025
Өз акшамызга неге тисимизди емдете алмаймыз заңды түрде 2 рет тис емдетип еди баска заңсыз жасағандар ушин канша халык зардап шегіп отырмыз кайта руксат берсе екен
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл