Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Балабақша қызметкерлерінің еңбегі – ел болашағына салынған инвестиция
Жаңалықтар

Балабақша қызметкерлерінің еңбегі – ел болашағына салынған инвестиция

11.02.2025
мин
2
920

Dauletten.kz редакциясы балалардың жарқын болашағы үшін өлшеусіз үлес қосып келе жатқан  "Қарлығаш" балабақшасының қызметкері Сәбира Үйсінбайқызы туралы айтып береді.

2025 жыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен "Жұмысшы мамандықтары жылы" деп жарияланды. Бұл жыл қарапайым еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге және олардың қоғамдағы маңызын көрсетуге бағытталған. Бала тәрбиесімен айналысып жүрген мамандардың еңбегі де осы жылы ерекше назарға ілінері сөзсіз. Балабақша тәрбиешілері мен көмекшілері – ұрпақ тәрбиесінің негізін қалайтын жандар.

Осы ретте, "Қарлығаш" балабақшасының тәрбиеші көмекшісі Сәбира Үйсінбайқызымен сұхбаттасқан едік. Ол бала тәрбиелеудің қаншалықты маңызды екенін және тәрбиешілердің еңбегі қаншалықты жауапкершілікті талап ететінін баяндап берді.

Сәбира Үйсінбайқызы 2010 жылдан бері балабақша ашылған күннен бастап еңбек етіп келеді. Бұрын бұл салада жұмыс істемегенімен, балалармен жұмыс жасаған сайын өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түскен. 2010 жылдан бері 5 топтың балаларын өсіріп, балабақшадан түлек етіп шығарған екен.

- Бастапқыда тәрбиеші көмекшісі болу оңай емес сияқты көрінді. Бірақ балалармен жұмыс істеген сайын, олардың шынайы күлкісі мен мейірімі бұл еңбектің тек жұмыс емес, үлкен жауапкершілік екенін түсіндірді», – дейді ол. Жалпы мамандығым тігінші. Балабақшаға жұмысқа орналасқаннан кейін бұл ісімді тастамадым. Мерекелік іс-шаралар уақытында балақайлардың костюмдерін тігуге көмектесіп, түймелерін тігу болсын, яғни қолымнан келгенін барлығын жасадым, - деді кейіпкеріміз.

Сәбира Үйсінбайқызының айтуынша, әрбір баланың орны ерекше. Олардың әрқайсысы мейірім мен сүйіспеншілікке мұқтаж. Балабақшадағы міндеті тек тәртіп орнату немесе тәрбие беру ғана емес, балалардың өзін жайлы, қауіпсіз сезінуін қамтамасыз ету.

- Балабақшаға алғаш келген балалардың көпшілігі ата-анасынан ажыраған кезде жылап қалады. Бірақ біз оларды жылы сөзбен жұбатып, бауырымызға басамыз. Балаларды өзімізден алшақтатпай, бар білгенімізді үйретеміз. Уақыт өте келе олар бізге үйреніп, сенім арта бастайды. Кей-кезде кешке үйге оралатын уақыттын болғанын білмей қаламыз Бұл – ең қымбат сәттердің бірі, – дейді тәрбиеші көмекшісі.

15 жылдық тәжірибе. Жүздеген тәрбиеленуші

"Қарлығаш" балабақшасы 2010 жылы ашылды. Бұл – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қатысуымен ашылған тарихи балабақша. Қазіргі уақытта балабақша 15 жылдық тәжірибесі бар мектепке дейінгі білім берудің көшбасшысы болып саналады. Бүгінде "Қарлығаш" балабақшасы құрамында үш балабақша бар. Осы жылдар ішінде мектепке дейінгі ұйым жүздеген балалар үшін екінші жанұяға айналды. Мұнда әр баланың үйлесімді дамуы үшін барлық жағдай жасалған. 2010 жылдан бастап әлемдік инновациялық әдістер мен технологиялар жүйелі түрде сынақтан өткізіліп, қолданылып келеді. Балабақшада қауіпсіздікті ескере отырып, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келетін заманауи пәндік-кеңістіктік орта құрылды.

- Мен үшін Қарлығаштағы 15 жыл көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті. 15 жыл ішінде қаншама бала осы балабақшадан түлеп ұшты. Қазір олардың көпшілігі жоғары оқу орындарында білім алып, түрлі салада жетістікке жетіп жүр. Кейде ата-аналары кездесіп, алғыс айтып жатады. Бұл – еңбегіміздің нағыз бағасы, – деп атап өтті балабақша тәрбиешісінің көмекшісі.

Тәрбиеші көмекшісінің пікірінше, тәрбие мен білім қатар жүруі керек. Егер балаға дұрыс тәрбие берілмесе, оның алған білімі жеткіліксіз болуы мүмкін.

- Балабақша – баланың ең алғашқы тәрбие ошағы. Мұнда балалар тек әріп пен сандарды үйренбейді, ең алдымен, адами құндылықтарды бойына сіңіреді, – дейді ол.

Бала тәрбиесі – адалдық пен мейірімділікті талап ететін жұмыс

Қазіргі таңда көпшілік баламен жұмыс істеу оңай емес деп жатады. Бірақ, шын мәнінде, бұл жұмысты сүйетін адамдар ғана нағыз тәрбиеші бола алады. "Қарлығаш" балабақшасының қызметкерлерінің айтуынша, бүгінде жас мамандардың бұл салаға қызығушылығы артып келеді. Жастар арасында баламен жұмыс істеуді өз миссиясы ретінде қабылдайтындар бар.

2025 жылдың "Жұмысшы мамандықтары жылы" болып жариялануы – еңбек адамдары үшін үлкен мәртебе. Бұл бастама арқылы балабақша қызметкерлерінің де еңбегі ерекше атап өтілуі керек. Балабақша мамандарының еңбегін насихаттау, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту – басты міндеттердің бірі. Жас мамандарды осы салаға тарту үшін, ең алдымен, тәрбиеші мамандығының маңызын түсіндіру қажет.

- Бізге ата-аналар өз балаларын сеніп тапсырады. Сол себепті әр баланың қамын ойлап, олардың мейірім мен жылулыққа бөленуіне күш саламыз. Біздің жұмыс тәрбиеші атқарып жатқан жұмыстан кем емес. Тәрбиеші екеуміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірігіп еңбек етудеміз. Бұл – үлкен жауапкершілік», – дейді тәрбиеші көмекшісі.

Ол 15 жыл бойы балабақшада өз орнын тапқанын, бұл жердің өзіне екінші үйге айналғанын айтады.

- Қандай қиындықтар болса да, балабақшаға келгенде бәрін ұмытып, балалардың риясыз күлкісін көріп, қуат аламын. Мен жақында зейнетке шығамын. Бірақ балаларды қимаймын, менен кейінгі жастар да осы салаға адалдықпен келіп, балаларға бар махаббатын бере алса екен, – деп түйіндеді сөзін Сәбира Үйсінбайқызы.

Тәрбиеші көмекшісі – тек көмекші емес, баланың өміріндегі маңызды тұлға.  Сәбира Үйсінбайқызының өмірі мен еңбек жолы – осының дәлелі.

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы. Бұл жыл қарапайым еңбек адамдарын бағалау, олардың ел дамуына қосқан үлесін көрсету үшін маңызды кезең. Балабақша қызметкерлерінің еңбегі – ел болашағына салынған инвестиция. Балалардың тәрбиесі мен болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген тәрбиешілер мен олардың көмекшілеріне лайықты құрмет көрсетілуі тиіс!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
К
Кайрат 11.02.2025
Керемет.
Жауап беру
Д
Данагүл 11.02.2025
Еңбегі адал жандарғой????????балалармен жұмыс жасау онай емес????
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл