Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еліміздің білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов оқушылар кезекті тоқсанда қалай оқитынын айтты.
"Екінші тоқсандағы оқыту форматына қатысты шешімді нақты өңірдегі және елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ескеріп, денсаулық сақтау министрлігі қабылдайды. Білім ұйымдары туралы айтар болсақ, мектеп немесе жоғары оқу орны болсын, біз, жалпы, кез келген форматқа дайынбыз", - деді ол онлайн брифингте.
Оның айтуынша, елдегі жағдай күн сайын өзгеріп отыр. Оқушылардың білім алуы өңірдегі ауру деңгейінің асқынуына байланысты.
Еске сала кетейік, Білім және ғылым министрлігі ІІ тоқсанда мектепке барып оқитын оқушылардың саны артатынын хабарлаған еді.
Оқушылар саны 300-ге жетпейтін қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа көшіріледі. Сондай-ақ, ата-аналардың өтінішімен 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілді.
Тағы көру